Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

«Ауа райының қолайсыздығы»: Еліміздегі қай жолдарда қозғалыс шектелді

0 614
Белгілі болғандай, бірқатар елдімекен аумағындағы жол уақытша жабылған

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеме жасады.Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 13 қаңтар сағат 08:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашық:

Павлодар облысы

• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135-1206-шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті елді мекені);

• «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 0-231-шақырым (Қалқаман елді мекені – Қарағанды облысының шекарасы);

• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе БӨП)» автожолының 191-390-шақырымы (Мичурино ауылынан РФ шекарасына дейін);

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Шарбақты БӨП)» автожолының 0-152-шақырымы (Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін);

• «Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Курчатов» автожолының 25-220-шақырымы (Атамекен елді мекені – Абай облысының шекарасы);

• «Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы (Шарбақты БӨП)» автожолының 0-112-шақырымы (Павлодар қаласы – РФ шекарасы);

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Шарбақты БӨП)» автожолының 200-431-шақырымы (Ақмола облысының шекарасы – Атамекен елді мекені);

• «Атамекен – Ертіс – Русская Поляна» автожолының 0-263-шақырымы (Атамекен елді мекені – РФ шекарасы);

• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 427-587-шақырымы (Кенжекөл елді мекені – Абай облысының шекарасы).

Абай облысы

• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 587-733-шақырымы (Павлодар облысының шекарасы – Семей қаласы);

• «Өскемен – Семей» автожолының 103-198-шақырымы (Шығыс Қазақстан облысының шекарасы – Семей қаласы);

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 971-1013-шақырымы (Қалбатау ауылы – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы).

Қарағанды облысы

• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1067-1135-шақырымы (Молодежный елді мекені – Павлодар облысының шекарасы);

• «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231-324-шақырымы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара елді мекені).

Ақмола облысы

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200-шақырымы (Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы

• «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолының 15-105-шақырымы (Белоусовка елді мекені – Риддер қаласы);

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1104-1212-шақырымы (Глубокое ауылы – РФ шекарасы);

• «Өскемен – Семей» автожолының 10-103-шақырымы (Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы);

• «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 166-249-шақырымы (Алтай қаласы – Үлкен Нарын ауылы);

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1062-шақырымы (Абай облысының шекарасы – «Рубеж» бекеті).

Жылдамдықты шектеу

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына республикалық маңызы бар KAZ-02 «Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті) автожолының 18-232-шақырым аралығында жылдамдық 140 шақ/сағ-тан 90 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді. Шектеу көліктің барлық түріне қатысты.

Жабық жолдар

Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» авто жолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Сонымен бірге «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.