Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

0 17
Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Әбдірәсіл Серікұлы Желеубаев ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Әбдірәсіл Серікұлы 1993 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2012 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы осы оқу орнында «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша техника және технология магистрі дәрежесін алды. 2022 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады.
2025 жылғы қараша айынан бастап ҚР Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2017 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2019-2023 жылдары аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы егін және су шаруашылығы бөлімінің бас маманы, басшысы, 2023-2024 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті агромелиорация басқармасының бас сарапшысы, басқарма басшысы, 2024 жылдың 20 маусымынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы, мемлекеттік астық, тұқым және техникалық инспекциясы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2024 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.
ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.