Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбылда ауа райы нашарлайды: мамандар ескерту жасады

0 314
Жамбыл облысында тұман мен күшті жел күтіледі

3 қараша күні түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында ауа райы қолайсыз болмақ.

«Қазгидромет» мәліметінше, өңірде тұман түсіп, көріну қашықтығы шектеледі.

Сондай-ақ оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы өңірлерінде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін, ал кей тұстарда түнде 25 м/с-қа дейін жетеді деп болжануда.

Мамандардың айтуынша, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал орталық, батыс және шығыс аймақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Тараз қаласында да 3 қараша күні түнде және таңертең тұман күтіледі.

Төтенше жағдайлар қызметі облыс тұрғындары мен қонақтарын ауа райы болжамына мұқият болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.