Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Үш жылдық үзілістен кейін Головкиннің келесі қадамы қандай болмақ?

0 25
Айта кетейік, 43 жастағы Головкин соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде Сауль «Канело» Альвареспен қолғап түйістірген

Геннадий Головкиннің рингке қайта оралуы жайлы әңгіме біраздан бері айтылып жүр. Өзі де бұл мәселені ашық мойындамағанымен, нақты түрде теріске де шығарған жоқ.

Бір сұхбатында ол: «Неге қайта шаршы алаңға шықпасқа? Эмоционалды тұрғыда өзімді бұрынғыдай сезінемін…» деп, көпшілікті ойландырып қойған еді.

Ал жартылай ауыр салмақтың бұрынғы чемпионы, қазіргі World Boxing ұйымы Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Жан Паскаль (42-2-1, 37 КО) Головкиннің қайта оралу ықтималдығы бар екенін жасырмады.

Айта кетсек, 43 жастағы қазақстандық боксшы соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде Сауль «Канело» Альвареспен қолғап түйістірген болатын.

Паскальдың пікірінше, мүмкін болуы ықтимал бұл жекпе-жек спорттық мақсаттан гөрі қаржылық қызығушылықпен байланысты болуы мүмкін.

– Мен оны өте құрметтеймін, ол – нағыз аңыз. Бірақ төрт жыл рингтен тыс жүру – жоғары деңгейдегі бокс үшін тым ұзақ уақыт. Рефлекстер, тайминг, ішкі сенім – бәрі әлсірейді. Егер ол қайта оралса, бұл тек үлкен гонорар үшін ғана болмақ. Өйткені ол өз мықтылығын баяғыда дәлелдеп қойған, – деді Паскаль.

Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин Халықаралық бокс қауымдастығына (IBA) қатысты өз ұстанымын ерекше түрде білдірген еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.