Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Мойынқұмда жаңа мәдениет ошағы ашылды

0 21
25 қазан — Республика күні мерекесіне орай Мойынқұм ауданының Айдарлы ауылында жаңа мәдениет ошағының ашылу салтанаты өтті. Заманауи үлгіде салынған бұл ғимаратта 90 орындық клуб пен кітапхана біріктірілген.

Салтанатты шараға аудан әкімі Ермек Карентаев қатысып, ауыл тұрғындарын мерекемен және жаңа мәдени нысанның ашылуымен құттықтады. Ол өз сөзінде бұл ғимараттың ауыл өміріне тың серпін беріп, мәдениет пен өнердің дамуына, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне үлкен мүмкіндік тудыратынын атап өтті.

Жаңа мәдениет ошағында түрлі қоғамдық және шығармашылық шаралар, көрмелер мен концерттер өткізуге барлық жағдай жасалған. Кітапхана бөлімі ауыл жастары мен оқырмандарға кең таңдау мен жайлы оқу ортасын ұсынады.

Құрылыс жұмыстары облыстық бюджет есебінен 240 405,1 мың теңгеге жүзеге асырылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.