Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Таразда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілуде

0 23
Бұл туралы Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы мәлімдеді

Тараз қаласының аумағында терроризмге қарсы Жамбыл облыстық жедел штабының ұйымдастыруымен «Тараз-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өткізілуде.

«Аталған іс-шараның мақсаты — құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады», — делінген хабарламада.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.