Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Елімізде Джеки Чанның жаңа фильміне қазақстандық режиссер жетекшілік етеді

0 22
Бұл туралы Sаlem Entertainment медиакомпаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді

«Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің режиссері қазақстандық Роберт Кун болады. Оның кандидатурасын Джеки Чанның өзі таңдаған.

«Аңызға айналған Джеки Чан культ франшизасының жалғасын түсіру үшін дәл Роберт Кунды режиссер етіп таңдады!

Роберт есімі әлемдік кино индустриясында бұрыннан белгілі.

Ол Disney, Paramount, Universal, 20th Century Fox секілді ірі студиялармен жұмыс істеп, «Особо опасен», «Он — дракон», «Президент Линкольн: Охотник на вампиров», «Майор Гром: Игра» және басқа да фильмдердің экшен-сахналарын қойған.

Түсірілім 2026 жылдың көктемінде басталады», – делінген хабарламада.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.