Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Таразда жаңа автобусты көп күткен халық қоғамдық көлікке шашу шашты

0 14

Жамбыл облысының Сарыкемер ауылында жаңа автобустардың іске қосылуы елді қуантты. Бірақ күтпеген сәт ел назарын аударды: автобусқа мінген апашка сөмкесінен кәмпит алып, жүргізуші мен жолаушыларға шашу шашты.

Көңілді көрініс желіде лезде тарады. Көпшілік «міне, нағыз қазақы қуаныш осындай болады» деп жылы пікір қалдырды.

Кейін белгілі болғандай, тәтті таратқан апай Жаңаөзеннен келген қонақ екен. Ол туған сіңлісіне келіп, ауылдағы жаңа автобустың іске қосылуына куә болған.

Желі қолданушылары бұл видеоны «күнімді көркейткен сәт» деп атап, мыңдаған рет бөлісті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.