Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбыл облысындағы «ҚазАвтоЖол» филиалына 1,9 млн теңге айыппұл салынды

0 59
Сот шешімі заңды күшіне енді.

2025 жылғы ақпанда әкімшілік полиция инспекторы «Алматы–Ташкент–Термез–2» республикалық маңызы бар автожолдың «ескі Күйік асуы» арқылы өтетін учаскесіне техникалық тексеру жүргізген.

Тексеру нәтижесінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты 13 құқықбұзушылық анықталып, оларды жою туралы нұсқама берілген. Алайда, белгіленген мерзім ішінде аталған бұзушылықтар жойылмаған.

Нәтижесінде, сот қаулысымен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Жамбыл облысындағы филиалына  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабы, 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, ұйымға 500 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 1,9 млн теңге) көлемінде айыппұл салынды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.