Қазақстанның басым бөлігінде күн күрт суытады
Қазақстанда 17–19 шілде аралығында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Елдің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр, бұршақ, дауылды жел болады.
— Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр күтіледі. 17 шілдеде – батыста, 18 шілдеде – солтүстік-батыста, 18–19 шілдеде – солтүстікте, 19 шілдеде – республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Алдағы күндері еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында өте қатты ыстық 41–44°С дейін, оңтүстік-шығысында 42–43°С дейін күтіледі. 17 шілдеде солтүстік-батыста, 18 шілдеде республиканың орталығында 40°С дейінгі өте қатты ыстық болжанады. 18–19 шілдеде еліміздің оңтүстігінде 45–46°С дейін аптап ыстық күтіледі. Период соңында солтүстік өңірлерде түнгі температура 8–18°С дейін, күндізгі температура 17–25°С дейін төмендейді, — делінген Қазгидромет хабарламасында.