Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Алматылық волонтерлер Сайран көлінің аумағын кино көрсетілімінен кейін тазалады

0 87

Қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін Сайран көлі алматылықтардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналды. Жаңартылған жағалау, серуен аймақтары мен абаттандырылған кеңістік күн сайын қала тұрғындарын көптеп тартуда. Алайда келушілер санының артуымен бірге көл маңында қалатын қоқыс көлемі де көбейіп келеді.

Осы мәселені назарға алған Алматы жастары кезекті ашық аспан астындағы кино көрсетілімінен кейін көл жағалауын тазалау акциясын ұйымдастырды. Экологиялық бастамаға жастар, волонтерлер мен қала тазалығына бейжәй қарамайтын тұрғындар қатысты.

Акцияның мақсаты – тек қана аумақты тазарту емес, сонымен қатар қоғамдық орындардағы тәртіп пен жауапкершілік мәдениетіне жұрт назарын аудару.

 «Біз мұнда тек қоқыс жинауға емес, көпке үлгі көрсетуге келдік. Тазалық – бір ғана адамның емес, тұтас қоғамның айнасы. Қаламыздың көркіне бейжай қарамайық.. Егер қаланы жақсы көрсең – оны ластама, тазалықты өзіңнен баста», – деді волонтер Мадияр Шарипов.

Ұйымдастырушылар мұндай экологиялық рейдтер қаланың басқа да демалыс орындарында жалғасатынын айтты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.