Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: жедел желілер іске қосылды

0 20

ТЖМ командалық орталығының жедел штабында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішіевтің төрағалығымен бейнеконференция-байланыс жүргізілді. Өңірдегі жағдай талқыланды.

ҚР ТЖМ күштері мен құралдары ден қоюға толық дайын.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

ТЖМ мониторингті жалғастыруда және өңірмен тұрақты байланыста.

«Азаматтардан сабырлық сақтауға және ресми ақпарат көздерінен хабардар болуды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Қазақстан ТЖМ командалық орталығы және Жамбыл облысының ТЖД базасында жедел штаб құрылды. Байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды:

ҚР ТЖМ командалық орталығы — 87172-55-96-21

Жамбыл облысы ТЖД 8-7262-51-41-67

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.