Жамбыл облысында жылына 120 мың тонна өнім шығаратын мал азығы ұны зауыты ашылады
Өндірісте негізгі шикізат ретінде бидай, арпа және жүгері қолданылатын болады.
Жаңа зауыттың жобалық қуаты – жылына 120 мың тонна дайын өнім. Бұл кәсіпорын өңірде сапалы мал азығына деген сұранысты қамтамасыз етіп, сырттан келетін құрамажемге тәуелділікті төмендетуге сеп болмақ.
Жобаның жалпы құны – 980 миллион теңге. Зауытты толық іске қосу 2026 жылдың наурызына жоспарланып отыр.
Кәсіпорынның ашылуы мал шаруашылығының дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады. Сонымен қатар, бұл жоба Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешеніндегі өндірістік әлеуетті арттыруға үлес қосады деп күтілуде.