Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Олжас Баққараев әкім болуға лайық па?

0 279
Брифингте әкімге журналистер осындай сұрақ қойды

Байзақ — облыстағы халқы көп, әрі тығыз орналасқан ауданның бірі. Былтыр бұл ауданды үш жыл басқарған Бақыт Қазанбасов зейнетке шығып, орнына Олжас Баққараев тағайындалған еді.
Әкім креслосына жарты жыл бұрын жайғасқан Олжас Елебекұлы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында аудандағы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
Брифингте аудан басшысынан журналистер «аудан әкімі болуға лайықпын деп ойлайсыз ба?» деп сұрады.

— Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен үш жылда бірде бір ескерту алмадым. Менің атыма шағым да түскен емес. Әкім ретінде жұмысты енді бастадық. Алдағы уақытта  алты айдың қорытындысымен есеп береміз, — деді Олжас Баққараев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.