Португалия Ұлттар лигасының екі дүркін чемпионы атанды
«Арена Мюнхен» стадионында өткен шешуші ойында Португалия мен Испания құрамалары жан алысып, жан берісті. Турнир тағдыры пенальти сериясында шешілді.
Негізгі уақыт 2:2 есебімен тең аяқталды. Испания сапынан Мартин Субименди мен Микель Ойярсабаль мергендік танытса, Португалия құрамасынан Нуну Мендеш пен аңыз ойыншы Криштиану Роналду есепті теңестірді. Алайда 88-минутта күтпеген жағдай орын алды – Роналду жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды.
Қосымша уақытта жеңімпаз анықталмаған соң, матч тағдыры пенальти сериясында шшешілді. Дәл осы сәтте Испания ойыншысы Альваро Мората өз мүмкіндігін мүлт жіберді. Ал Португалия бірде-бір мүмкіндікті жібермей, 5:4 есебімен жеңіске жетіп, УЕФА Ұлттар лигасының чемпионы атанды!