Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Танымал заңгер нашар интернет үшін Tele2-мен соттаспақ

0 133

Қазақстандық танымал заңгер Жаслан Айтмағанбетов интернет сапасының нашарлығына байланысты Tele2 телекоммуникациялық компаниясын сотқа бермек.

МӘН-ЖАЙ

Заңгер байланыс сапасының төмендігіне шағымданып, компаниямен соттасуға қажетті құжаттарды әзірлеуге кіріскенін айтты.

Сондай-ақ, ол Tele2 қызметіне көңілі толмаған клиенттер үшін арнайы чат ашатынын мәлімдеді.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Tele2-ге қарсы сотқа беру үшін құжаттар дайындап жатырмын. Алты ай бойы нашар интернетке шыдаңыздар, ал біз тарифтерді өсіре береміз дейді. Бірнеше сағаттың ішінде шағым өте көп түсті. Жақында соттасқысы келетіндер үшін топ ашып, шаблондар дайындаймын, – деп жазды ол.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.