Алматыда түлектер 200 мың теңгеден жинаған – министр мектепті қорғап сөйледі
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматыда мектеп түлектерінен 200 мың теңгеден жинаған жағдайдан хабардар екенін айтты.
БЕЙСЕМБАЕВ НЕ ДЕЙДІ
Бұл мәселе бұйрықпен (министрдің) реттелген. Мен де 200 мың теңге жиналып жатқанынан хабардармын. Әкімдікке де, білім басқармасының басшысына да хабарластым. Олар бұл мәселені қатаң бақылауға алды. Олардың маған айтуынша, бұл жерде ата-аналардың көп жағдайда ата-аналардың бастамашылдығымен жасалған. Мектепті кінәлай беруден де алыс болу керек. Өйткені көп жағдайда ата-аналардың бастамашылдығымен ақша жиналады. Сондықтан, ата-аналар да осы мәселеде шыдамды болуы керек, – деді ол.
Бейсембаев мектеп басшылығы жылдағыдай мұндай іс-шаралар тек Наурыз мейрамы немесе мектеп бітіру ғана емес, қаржы жинауды барынша тоқтату керектігі ескертілгенін айтады. Бұл мәселе әлсін-әлсін кейбір аймақтарда шығатынын жасырмайды. Министрдің айтуынша, мектеп басшылығы ата-аналардың бастамасына тыйым сала алмайды. Бейсембаев жауапкершілік екі жақта да болу керектігін айтты.
Ал бұл мәселе заңмен реттелуі мүмкін бе деген сұраққа Бейсембаев “бұйрықтың күші жетпесе, депутаттармен сөйлесіп көреміз” деді. Ал бұйрықта “ақша жинауға болмайтыны” жазылған.
“КІМНЕН ҚАРЫЗ СҰРАЙМЫН”
Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде видео жариялап, онда мемлекеттік мектептердің бірінде 11-сынып оқушыларының әрқайсынан 200 мың теңгеден соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кешіне жинап жатқанын айтқан еді.
Ол баласы оқитын мемлекеттік мектепте әр оқушыдан мектеп бітіру кешіне 200 мың теңге жинап жатқанын айтты.
Оның пікірінше, бұл сома — шектен тыс шығын.
Мынадай жағдайды көз алдыма елестеттім. Қызы әкесіне келіп: “Әке, мен мектепті бітірдім, үздік оқыдым. Маған 200 мың теңге керек, соңғы қоңырауға” дейді. Әкесі ойланып қалады: жалақым 250 мың теңге, бәлкім, бөліп төлеуге бірдеңе алатын шығармын? Қайдан табамын, кімнен қарыз сұрасам екен? Қызы тағы да: “Маған тағы көйлек, аяқ киім керек…” дейді. Сонымен барлығы 300–400 мың теңгеге шығады. Ақыры әкесі ақша беруден бас тартатын шығар.
Қызы ренжиді, ата-анасына өкпелейді, үйде ұрыс шығады. 200 мың теңгеге не ұйымдастырғалы жатыр екен, түсінбеймін. Не той соншалық? — деді ер адам.
ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫНЫҢ РЕАКЦИЯСЫ
Желідегі пікірлер екіге бөлінді: біреулер мектеп бітіру кеші есте қаларлықтай болуы керек десе, енді бірі қазіргі экономикалық жағдайда мұндай шығындарды орынсыз деп есептейді. Сонымен бірге мұндай ақша жинауды көп жағдайда ата-аналардың өздері ұйымдастыратыны да айтылған.