Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Кітапханада «Газет — дәуір үні» сыр-сұхбат кеші өтті

0 8 618

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында «Знамя труда» газетінің 105 жылдығына орай «Газет — дәуір үні» сыр-сұхбат кешін ұйымдастырды.

Кешке арнайы шақырылған қонақтар 105 жылдық тарихы бар  Қазақстандағы көне газеттердің бірі — «Знамя труда» газетінің тарихын қозғап, қазіргі Қазақстандағы ең беделді орыс тіліндегі басылымдардың бірі, ұлттық таным-тәрбиенің насихатшысы, елдік пен ерлік жаршысы, қоғам тынысының таразысы болып саналатын газет бір ғасырдан аса уақыт ішінде облыстың қоғамдық-саяси өмірін сан қырынан сөз етіп, тарихтың қатпарында қалдырып келе жатқанын айтым, шығармашылық редакцияның осы уакытқа дейінгі жетістіктерімен бөлісті.

Ардагер журналисттер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, Қазақстанның құрметті журналисі Бекет Момынқұл, Көкен Оршабеков пен Жарылқасын Нұралиев еңбек еткен жылдарының газеттің өсіп жетілуіне қандай үлес қосқандары жайлы қонақтармен бөліссе, бүгінгі күнгі газеттің шығармашылық топ мүшелері, бас редактор Людмила Мельник және тілші, поэтесса Лариса Губашева, өз міндеттерін  прогрессивті өзгерістердің  импульсі мен адамдарға шындықты  жеткізуден  көретінін, газет оң тұжырымдамалық бағдарлау, сапалы журналистика және Интернет пен баспа нарығының технологияларын пайдаланудың арқасында аймақтың баспасөз рейтингтерінің алдыңғы орнында болу үшін барынша еңбек жасап жатқанын жеткізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.