4,5,6 маусым күндері Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Батыс өңірінде ауа температурасы 40 градусқа барады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Қазгидрометтің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде күн әлі де қатты жылына қоймайды. Бұл аймақтарда жаңбыр жауып, жел соғады.
«Қазақстанның басым бөлігінде күн бірте-бірте жылынады. Батыс Қазақстанда +30…+39градус, оңтүстік Қазақстанда +35…+40 градус, оңтүстік-шығыста +28…+35 градус ыстық болады. Солтүстік пен орталық аудандарда ауа температурасы +25…+33 градус аралығында жылиды», — деп хабарлады Қазгидромет.