Берлин Кенжетайұлы Иришевтің «Муза Диора. Загадка Аллы Ильчун» кітабының тұсаукесері өтті
Тараз төрінде өтіп жатқан ең ауқымды халықаралық сән апталарының бірі — «ASPARA FASHION WEEK» аясында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы экономика ғылымдарының докторы, дипломат, Франциядағы қазақстандықтар Ассоциациясының президенті Берлин Кенжетайұлы Иришевтің «Муза Диора. Загадка Аллы Ильчун» кітабының тұсаукесерін ұйымдастырды.
Кітап авторының тікелей қатысуымен өткен іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен келген белгілі киім дизайнерлері қатысты.
Кітапта бір ғана кейіпкердің тағдыры емес, ХХ ғасырдағы тарихи оқиғалар кезіндегі әйелдердің рөлі, үлесі қамтыған. Қазақстандық дипломат өз кітабында қазақ-орыс текті сән әлемінің падишасы Алла Елшіннің таңғажайып тағдырын суреттей отырып, ұлы француз киім модельері Кристиан Диорға ұмытылмас ерекше әсер қалдырғанын баяндайды. Автор алғаш рет Алла Елшіннің өмірі мен мансабы туралы сирек кездесетін ақпарат, отбасылық мұрағаттан алынған сирек фотоматериалдар, жалғыз ұлының естеліктері, халықаралық өнертанушылардың сараптамалық пікірлері және әкесі Қуантхан Елшіннің қазақ екенін растайтын дәлелдерді топтастырған.