Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Халық жадында жатталған есім

0 379

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы үздік қазақстандық және өлкелік шағармаларды өңір тұрғындарына арасында кеңінен таныту, кітап оқуды ілгерлету, жергілікті ақын-жазушылар шығармашылығы мен олардың туындыларын жастар мен қалың жұртшылығы арасында насихаттау мақсатында жүзеге асырылып келе жатқан «Бір өңір — бір кітап» облыстық акциясы аясында Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесімен бірлесіп, ұлт руханиятының абызы, қазақ баспасөзінің патриархы, ұлттық журналистиканың сәруары, қазақтың халық жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның шығармашылығына арналған «Халық жадында жатталған есім» Шерхантану сағаты өтті.
Жазушының шығармашылығын зерделеу айлығының ресми ашылуы ретінде ұйымдастырылып, бір кезде «айналасы жұп-жұмыр тегіс келген» әңгімелерден бастап, қазақ әдебиетіне көп томдық роман әкелген санаулы қаламгердің биігіне көтерілген ел өмірінде орны айрықша, екі туып, қос қайталанбайтын тұлғалардың бірі әрі бірегейі – Шерхан Мұртазаның шығармашылығын насихаттау, жазушының өмірлік және шығармашылық жолдарымен кітапхана оқырмандарын жан-жақты таныстыру, автордың туындалын оқуға шақыру мақсатын көздеген іс-шара арнайы Жуалы ауданы, Талапты ауылы, Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалды музей-үйінде өтті.
Іс-шараға арнайы қазақ прозасының шебері Шерхан Мұртазадан бата алып, Шер ағамыздың шекпенінен шыққан қаламгер, қаламы қарымды журналист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының «Жамбылтану» бөлімінің меңгерушісі Көсемәлі Сәттібайұлы, осы орталықтың «Шерхантану» бөлімінің меңгерушісі Назым Қожамарова, Жуалы ауданының құрметті азаматы, қазыналы қарт Аманжол қажы Дүрәлі, жазушының інісі Әлижан Мұртазаев пен келіні Есеналиева Қайымкүл, Райхан Мұртазаева және Мамытова Камила, Султанова Аманкүл есімді жеңгелері қатысып, Шерхан Мұртаза Бауыржан атамыздан кейінгі Мыңбұлақтан ұшқан қырандардың бірі екенін мақтан тұтатынын айтып, ұшса — сұңқар, шапса — тұлпар ағалары ең алдымен кісілік келбетіне кір жұқтырмаған парасат иесі болғанын, кез келген тақырыпты ойнатып жазатын, қаламы қарымды, ойы жүйрік, сөзге шешен, от ауызды, орақ тілді нағыз майталман ретінде өз халқымен бірге жасап, қатар тұрып қалыптасқан қайсар тұлға болғанын алға тартып, жылы естеліктерімен бөлісті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.