Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

«Кітапханалардың тиімділігін талдау: іске асырылған жоспарлардан жаңа идеяларға дейін» кітапханалық конвет

0 871

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы , Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Жуалы ауданында “Кітапханалардың тиімділігін талдау: іске асырылған жоспарлардан жаңа идеяларға дейін” кітапханалық конвет өтті.                                                                                Семинар басталмастан бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының «Ғылым, менеджмент және маркетинг» қызметінің жетекшісі Бекмұханбет Айбала Қанатбайқызы және Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық кітапхана директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы бастаған облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық кітапханалар қызметкерлері Бауыржан Момышұлы атындағы ауылдың кіре берісіндегі батырға арналған мемориал ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батырдың рухына тағзым етті.                                                                                                                                                  Сондай-ақ Жуалы ауданы Талапты ауылындағы жазушы Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық музейімен танысты.                                                                                           “Кітапханалардың тиімділігін талдау: іске асырылған жоспарлардан жаңа идеяларға дейін” кітапханалық конвет барысында семинарға келген қонақтар Жуалы аудандық орталық кітапханасының жұмысымен танысты. Жуалы аудандық мәдениет үйінің алаңында «Жерұйық мекені – Жуалы» этно-ауыл көрме-галлереясында салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында «Бесікке салу», «Тұсаукесер» көрсетілімдерін тамашалады.                         Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар кітапхана қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады.                                                                                        Әрі қарай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Ғылым, менеджмент және маркетинг қызметінің жетекшісі Бекмұханбет Айбала Қанатбайқызы Жуалы аудандық мәдениет үйінде «Заманауи кітапханананың келбеті» тақырыбында форсайт-сессия өткізді.
Семинар соңында Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Тарихы тереңде жатқан қасиетті өлке» тарихи шежіре кешін ұсынды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.