Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Сезімі сырлы ақын

0 1 531

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру мақсатына бағытталған «ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық жобасы шеңберінде өңір тұрғындары, әсіресе жастар арасында жергілікті әдебиет туындыларын оқу және насихаттау, өлке тарихын, табиғатын, әдебиетін насихаттау мақсатында жыл басынан бері жүзеге асырылып келе жатқан «БІР ӨҢІР – БІР КІТАП» облыстық акциясы аясында ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Талас ауданының құрметті азаматы, ақын Нарша Қашағанұлының шығармашылығына арналған «Сезімі сырлы ақын» тақырыбында ақынның жырларымен сырласу кеші өтті.
Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, журналист Баймаханбет Ахмет, айтыскер-ақын Ербол Қамбатыров, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, сазгер Үміт Битенова, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті филология және журналистика факультетінің аға оқытушысы Бақытжан Мақашев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі Бақыт Шағырбаев, Әл-Фараби атындағы Байзақ аудандық мәдениет үйінің әншілері, ақын, сазгер Сәрсенбек Бәкір мен Ерлан Жақсылықов, ақынның ұлдары Талас аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Тайлақ Наршаұлы және жеке кәсіпкерлікпен айналысып жүрген Нарбол Наршаұлы қатысты.
Кітапхана қызметкерлері мен Жамбыл ауданының Әзімбек Ысмайылұлы атындағы және Айша бибі ауылы орта мектептерінің 10 сынып оқушылары Райымқұлова Балнұр, Әлдибек Жанерке, Манапова Айымжан, Айдаралиева Анель мен Нұрмахамбетова Айгерім ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ әншілер Ерлан Жақсылықов, Бақыт Шағырбаев пен Сарсенбек Бәкір ақынның сөзіне жазылған «Рахмет саған туған ел», «Әнімен жанды емдеген», «Таласым» әндерін орындады. Ал сазгер Үміт Битенова ақынның сөзіне жазылған өзінің «Ұмыта алмайсың сен мені» әнін тарту етті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.