Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

АТА ЗАҢ — АЗАТТЫҚТЫҢ АЙҒАҒЫ

0 1 629

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері 30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері үшін «Ата Заң — азаттықтың айғағы» құқық алаңын ұйымдастырды.

Аталмыш департаменттің мәжіліс залында өткен іс-шараға арнайы шақырылған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Тарих және география» кафедрасының тарих магистрі, аға оқытушы Ақнұр Көбесова, Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейінің тарих маманы Айгерім Баймуханова, №12 мектеп-гимназиясының тарих мамандары Эльмира Қайырбаева мен Динара Тұрсынбай дәстүрлі қазақ қоғамының «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» аталатын Ата заңдары мен олардың тарихына терең тоқталып, қазіргі Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болғанын жиналған қауымға жеткізді.

Кітапханашылар департамен қызметкерлерін тақырыптық кітап көрмесімен таныстырып, патриоттық әндерімен іс-шараны көмкеріп, қатысушылардың ризашылығына бөленді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.