Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

12,5 миллионға жуық қазақстандық референдумда дауыс бере алады

0 29

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2026 жылғы 15 наурызға дейін 18 жасқа толатын барлық азаматтарды референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінен өздерін тексеруге шақырды.

Ел бойынша барлығы 10 413 референдум учаскесі жұмыс істейді.

Оның ішінде:
— 9 779 учаске – азаматтардың тіркелген жері бойынша;
— 634 учаске – уақытша болатын орындарда;
— соның ішінде 82 учаске шетелде (64 елде).

Қазіргі уақытта тізімге 12 416 759 Қазақстан азаматы енгізілген.

21 ақпаннан бастап әрбір азамат өзінің учаскесі бойынша тізімге енгізілгенін тексеруге, сондай-ақ уақытша болатын жерінде дауыс беруге өтініш беруге құқылы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.