Жуалыда қар құрсауында қалған 21 адам құтқарылды
Жуалыда қар құрсауында қалған 21 адамды құтқарылды.
Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Б. Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған» автожолының Құренбел ауылының маңында, сондай-ақ Ертай ауылының жанында 5 жеңіл көлік қар құрсауында қалып койды. Көлік ішінде 21 адам, оның ішінде 3 бала болды,- делінген хабарламада.
Ал ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жол талғамайтын көлікпен жедел келіп, құтқарылған адамдарды Күреңбел ауылына эвакуациялады. Оқиға орнында медициналық көмекке ешкім мұқтаж болмады.
Айта кетейік, дауылды ескертулер туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмаңыз және алыс жолға шығар алдында барлық қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.