Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбылдықтар Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті Алматы әуежайынан күтіп алды

0 4 877
ХХХlll жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов елге оралды

Ел мерейін асқақтатқан спортшыны жүздеген жамбылдық жанкүйерлері Халықаралық Алматы әуежайынан күтіп алып, ерекше құрмет көрсетті.

Әуежайға спорт саңлағының ата-анасы, туған-туыстары, бір топ жамбылдықтар келді, оның ішінде спорт ардагерлері, спортшылар мен бапкерлер, белсенді жастар бар.

Олар зор қуаныш, құшақ-құшақ гүл шоқтарымен жиналды.

Өз кезегінде Елдос Сметов қолдау көрсетіп, ыстық ықылас танытқан барша қазақстандықтар мен жанкүйерлеріне ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж (Франция) қаласында өтіп жатқан төртжылдықтың басты додасында жеңіс тұғырынан көрініп, ел тарихында дзюдодан Олимпиаданың тұңғыш чемпионы атанды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.