Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Таразда жастарға арналған еңбек жәрмеңкесі өтті

0 17

«Жастарға жұмыс». Тараздағы ойын-сауық орталықтарының бірінде дәл осындай атаумен еңбек жәрмеңкесі өтті.

Ұйымдастырушылар жәрмеңкені адам қарасы көп, осындай орталықтарда өткізуді дәстүрге айналдырды. Себебі, мұнда келген адам жұмыс берушімен тілдесе алады. Бүгінгі шарада 50-ден аса мекеме 250 бос орын ұсынды.

Нұрсұлтан Нұғмансая былтыр жоғары оқу орынын бітірді. Жас маман математика пәнінің мұғалімі. Бір жыл бойы бірнеше мекемеге жұмыс іздеп барғанымен, мамандығына сай орын таба алмаған. Жәрмеңкеге келіп, өзімен қоса іні-қарындасына да жұмыс тапты.

— Барлығын көріп ұнаған ваканциялар бойынша сұрақ қойып, қазір осы жерден бәрінен консультация алып жатыр. Енді алдағы таңда жақсы-жақсы жұмыстармен осы екі бауырым мен қарындасымды қазір орналастырамыз деген ойдамыз. Енді өзіме де қарап өттім. Бір-екі жұмыс бойынша байланыс телефонын алдық. Алдағы уақытта солармен хабарласып, ойдағы жұмысты табамыз деген ойдамыз,-деді Нұрсұлтан Нұғмансая.

Жәрмеңкеде 50 мекеме бос жұмыс орнындарын ұсынды. Олардың қатарында медицина, білім саласы мен ауыр өнеркәсіп, жеке меншік құрылыс компаниялары бар. Жұмыс іздеген жан мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау саласынан да қызмет таба алады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.