Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Тараз қаласында ҚР ТЖМ 30 жылдығына орай жаңа мурал салынды

0 13
Бұл – Тараздағы құтқарушыларға арналған үшінші мурал

Тараз қаласының Аса мөлтек ауданында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай жаңа мурал салынды.

Бес қабатты тұрғын үйдің қабырғасына құтқарушылар, өрт сөндіру көлігі және «112» жедел қызмет нөмірі бейнеленген. Көркемдік шешім құтқарушылардың еңбегіне деген құрметтің символына айналып, мамандықты насихаттау мен халық арасында ТЖМ қызметкерлерінің имиджін нығайтуға бағытталған.

Айта кетейік, бұл – Тараздағы құтқарушыларға арналған үшінші мурал. Бұған дейін әр жылдары салынған екі мурал да қала тұрғындарының ыстық ықыласына бөленген еді. Мұндай жобалар қалалық ортаны көркейтіп қана қоймай, азаматтарға адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ТЖМ маңызды рөлін еске салады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.