Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Су тасқынына бөлінген 300 млн теңгені жымқырғандар сотталды

0 14
Іс Ақмола облысының арнайы прокурорларымен тергелген

05.06.2025 жылы 300млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-нің басшыларына қатысты сот үкімі шықты.

Естеріңізге сала кетейік, аталған қаражаттар 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген.

Іс Ақмола облысының арнайы прокурорларымен тергелген болатын.

— Сот үкімімен жымқыруға қатысқан тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4 бөлігі (аса ірі көлемде жымқыру) и 218 бабы (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)бойынша 8,6 және 7,6 жылға бас бостандықтарынан айыру және мүліктерін конфискациялау жазаларына тартылды, — делінген хабарламада.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.