Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Сметов, Серікбаев, Шамшадин: Париж Олимпиадасына кім барады

0 2 839
Осы үш балуанның бірі төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел намысын қорғайды

Қазақстан Дзюдо федерациясы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының қатысушысын анықтау мақсатында іріктеу белдесуін өткізетінін хабарлады.

Федерацияның таратқан мәліметінше, іріктеу белдесулері Алматы қаласында 7 маусым күні өтеді.

«Бұл белдесулер ұлттық құраманың Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында ұйымдастырылады. Қазіргі таңда 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық үш спортшы, атап айтқанда, Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов және Мағжан Шамшадин Олимпиадалық рейтингте жолдама иегерлері тізімінде тұр. Төрт жылдықтың бас бәсекесіне кімнің баратынын осы іріктеу анықтайды»,- деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының және Халықаралық Олимпиада комтетінің ережесі бойынша жазғы Олимпиада ойындарына дзюдодан әр салмақтан әр елден тек бір спортшы қатысады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.