Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Сарысу өлкесінде «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауы өтуде

0 3 056

Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы тау шатқалында, көгалды кең жазиралы даласы, табиғаттың тылсым құбылыстары мен жақпар-жақпар таулары бар, табиғат сұлулығы салтанат құрған қасиетті Сарысу өлкесінде жалғасын тапты.
Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Үшбас ауылдық кітапханасы ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина саласының ардагері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі және Нью – Йорк академиясының мүшесі, жоғары санатты дәрігер – хирург, әрі қаламгер Сағындық Ордабековтің шығармашылығына арналған «Ғылымның қия жолында» кітап көрмесін ұйымдастырды.
Әрі қарай біраз жылдар бойы өткір қандауырды үшкір қаламен қатар ұстап, журналистиканы дәрігерлікке серік етіп жүрген Сағындық Ордабековтің қатысуымен «Хирург, ғалым, қаламгер» сұхбат кеші өтті.
Іс шара барысында кейіпкердің шығармасынан «Ананың ақ сүті немесе перзенттік парыз» монологы оқылып, Қадыр Мырзалиевтың сөзіне жазылған, Шәмші Қалдаяқовтың әні «Тамды аруы», Қалдыбек Құрманәлінің сөзіне жазылған Елен Әбдіхалықованың әні «Кірмеші жиі түсіме», Әнуарбек Дүйсенбиевтің сөзіне жазылған, Арман Дүйсеновтің әні «Ағажан» сынды халықтың ықыласына бөленіп жүрген жауһар жырлардан шашу шашты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.