Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Қазақстанда жаңа үлгідегі паспорттар беріліп жатыр: ескісін ауыстыру міндетті ме

0 91
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 шілдеден бастап қазақстандықтарға жаңартылған 56 мыңға жуық паспорт берілген. Жалпы саны – 88 мың.

Жаңа үлгідегі паспортта жеке деректер көрсетілген бетте барыстың бейнесі түрінде қосымша қорғаныс элементі бар. Бұл – HDM деп аталатын ерекше белгі, оны тек үлкейткіш әйнекпен қарағанда көруге болады.

Министрлік ескі үлгідегі паспорттарды міндетті түрде ауыстырудың қажеті жоқ екенін түсіндірді.

«Жаңа үлгі енгізілгенге дейін берілген паспорттар – мерзімі өтіп кеткен, бүлінген, жоғалған немесе иесінің мәртебесіне сәйкес келмейтін жағдайларды қоспағанда – заңнамаға сай жарамдылық мерзімі аяқталғанша заңды күшінде қала береді», – деп хабарлады ІІМ.

Сондай-ақ, алдағы уақытта қазақстандық паспорттарға тағы бір жаңашылдық енгізілуі мүмкін – микромәтін. Осы тәсіл арқылы үшінші бетке иесінің қосымша фотосын түсіруге болады.

«Үлкейткішпен қарағанда адамның тегі, аты-жөні және басқа да деректер оқылатын болады. Бұл құжаттың қорғанысын күшейтеді», – деп түсіндірді ведомство.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.