Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Қазақстанда қазір қай жолдар жабық тұр

0 13
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірқатар автожолында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автожолдардағы қазіргі жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қолайсыз ауа райы салдарынан кейбір республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Павлодар облысы

«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» жолындағы Қалқаман жолайрығы маңында көпірдің құрылымдық элементтері зақымдануына байланысты (Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу);

«Павлодар — Щербакты — РФ шекарасы» жолының 82–112 км (Щербакты ауылы – Ресей шекарасы);

«Атамекен — Ертіс — РФ шекарасы» автожолының 0–263 км (Атамекен кенті – Ресей шекарасы).

Ақмола облысы

«Астана — Қарағанды — Алматы» трассасының 30–92 км аралығы (Жібек жолы төлем пункті – Қарағанды облысының шекарасы).

Қарағанды облысы

«Астана — Қарағанды — Алматы» жолының 92–164 км (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау төлем бекеті);

«Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» автожолының 101–266 км бөлігі (Нұра кенті – Теміртау қаласы).

Жетісу облысы

«Үшарал — Достық — ҚХР шекарасы» жолының 84–164 км (Көктұма станциясы – Достық станциясы).

Шығыс Қазақстан облысы

«Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» трассасының 1194–1212 км аралығы (Шемонаиха қаласы – Ресей шекарасы).

Қостанай облысы

«Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 340–377 км (Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы).

Ұлытау облысы

«Жезқазған — Арқалық — Петропавл» жолының 138–252 км аралығы (Ұлытау қаласы – Қостанай облысының шекарасы).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.