Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Өзен жағасында өсіп тұрған гашишті тұтынған жуалылыққа айыппұл салынды

0 10
Бұл туралы Жамбыл облысының Жуалы аудандық соты мәлімдеді.

Жуалы аудандық соты есірткі заттарын медициналық емес тұтыну фактісі бойынша С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Азамат С. Жуалы ауданы Жұрымбай ауылының маңында ағып жатқан Теріс өзенінің жанында жүріп, отын жинап, өсіп жатқан гашишті тапқан. Содан соң табылған шөпті тұтатып, полицияның назарына іліккен.

Кінә хаттамамен, тараптардың айғақтарымен және медициналық куәландыру қорытындысымен расталды.

Сотта С. кінәсін мойындап, осы шөптің есірткі екендігін білгені туралы айтты.

ӘҚБтК 440-1-бабы 1-бөлігінің санкциясы 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды не 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.

Сот кінәні мойындауды жеңілдететін мән-жай ретінде таныды, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот қаулысымен С. ӘҚБтК 440-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 121 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.