«Кең дала 2» бағдарламасы аясында 6 жоба қаржыландырылды
Бағдарлама шеңберінде Бостандық ауылдық округіндегі «Зерхат» шаруа қожалығына 242 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, Қаратау ауылдық округіндегі «Кеңескүл апа» және «Ардақ» шаруа қожалықтарына жалпы 40 млн теңге, С.Шәкіров ауылдық округіндегі «Бөрі» және «Талант» шаруа қожалықтарына 26 млн теңге, ал Тамды ауылдық округіндегі «Қыдырбек» шаруа қожалығына 12 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.
Мемлекеттік қолдау шаралары шаруалардың айналым қаражатын толықтырып, егіс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуына мүмкіндік беруде. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң ықпал етеді.