Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Ең үздік ауылдық кітапхана

0 1 536

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы Қазақ хандығының алғашқы туы тігілген жері — Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылдық кітапханасынан бастау алды.
Байқау барысында Ұланбел ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрағасы, ауылдың төбе биі Елубаев Жолшыбек Сағынбайұлының «Ұланбелде ауылым», «Ұланбел ауылым 2» кітаптарының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.
Кітаптарға байланған жібек лентаны Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы мен Ұланбел ауылының әкімі Еркебұлан Абасұлы кесіп, ізгі тілектерін жеткізді.
Кеш соңында кітапхана оқырмандары «Мойынқұм — асыл мекенім», «Мойынқұм — ата мекенім», «Ұланбелде ауылым» өлеңдерін оқып, әннен шашу шашты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.