Депутат Дәулет Мұқаев халықтан сүйінші сұрады
Мәжілісмен Дәулет Мұқаев Экономика мамандығы бойынша Phd докторы атанды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Депутаттың айтуынша, докторантураға оқуға түсуден қарағанда оның оқуы өте қиын болған.
«Докторант үшін ең қиын нәрсе — Scopus базасына мақаласын шығару. Аллаға шүкір, 2022 жылы мақаламды Польша журналына (Q1) шығардым, одан бөлек отандық журналдарға да мақалаларым шыққан еді. 2023 жылдың көктемінде депутат болып, қолым тимей жүргенде ғылыми жетекшім, профессор, экономика ғылымдарының докторы Ұрпаш Шалболова «әй, Мұқаев, елдің проблемасы бітпейді, алдымен өз проблемаңды бітір» деп жанашырлық танытып, бағыт-бағдар берді», — деген ол биыл оқуын ойдағыдай аяқтап, докторант атанған.