Баға өсті, депутаттар неге үнсіз?
Елде тауар мен қызмет құны қымбаттауда. Мұны кез келген қазақстандық айтып бере алады. Тарифтердің өсуі «тоқтатылды» делінгенімен, коммуналдық төлемдер өсті, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі кеңейтілсе де, дүкендердегі баға шарықтауда.
Мәжіліс депутаттарынан бағаның қымбаттауы қалтаға қалай әсер еткенін, дүкендегі қымбаттаған баға мен коммуналдық түбіртектерді көрді ме және ең бастысы, неге министрлерді осы мәселе бойынша сұрақтың астына алмайды деп сұрады.