Алматы қаласы Алмалы ауданының комьюнити орталығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК қабылдау пункті ашылды.
Гуманитарлық көмек келесі санаттарға бөлінеді:
— азық-түлік;
— ауыз су;
— дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы қажеттіліктер;
— киім (жылы киім, аяқ киім және т.б.);
— заттар (көрпе, ұйықтайтын қап, жастық және т.б.);
— тұрмыстық заттар (шатырлар, термостар, шамдар, қуаттағыштар, шәйнектер, балалар ыдыстары, қажеттіліктері және т.б.);
— гигиеналық құралдар (жөргектер, әйелдер гигиенасы құралдары, сабын, тіс пастасы, сусабындар, майлықтар, дәретхана қағазы, тазартқыш заттар және т.б.).
Гуманитарлық көмек төмендегі мекенжай бойынша қабылданады.
Байтұрсынов көш., 22/1
Қабылдау уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін
Барлық ниет білдірушілер Алмалы ауданының комьюнити орталығына хабарласып, қажетті заттарды тапсыра алады!
Байланыс номері: +7 747 821 64 78; 7 747 540 01 40