Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Аграрлық салаға миллиардтаған инвестиция: шаруаларға жеңілдетілген несие беріледі

0 14
Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шаруылардың ұзақмерзімді жеңілдетілген қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту, мал шаруашылығын қолдау және отандық тракторлар мен комбайндар өндірісін ұлғайту бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

2026 жылы «Бәйтерек» холдингі желісі арқылы ұзақмерзімді қарыз беруге 270 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар мал шаруашылығын қолдауға 84 млрд теңге, ал отандық ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін дамыту үшін «ҚазАгроҚаржы» арқылы бюджеттік несие беруге 50 млрд теңге бөлу ұсынылып отыр.

«Шаруаларды ұзақмерзімді жеңілдетілген қаржыландыру үшін бюджет қаражаты мен коммерциялық қаражатты ұштастыру тетігі көзделген. Бұл ұзақмерзімді қаражаттың қолжетімділігін арттырып, қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаржы жеткіліксіз болған жағдайда да уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты «Бәйтерек» холдингі купондық сыйақыны субсидиялау тетігі арқылы бюджеттен тыс қаражат тартуды жалғастырып, оны агроөнеркәсіп кешеніне несие беруге бағыттауы қажет», — деді министр.

Сондай-ақ Құрылтай депутаттарымен ҚазАгроҚаржыға қосымша 37,5 млрд теңге бөлу ұсынылды. Бұл 2027 жылы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингіне 200 млрд теңге тартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін кеңінен тарату бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға жеңілдетілген несие беру үшін қосымша 50 млрд теңге бөлу ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.