Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

«Әлеуметтік шеберхана»жобасы аясында жасөспірімдерді оқыту

0 4 914

Алматы қаласы SOS Children’s Village Almaty балалар ауылында “Маркетинг” саласы бойынша қысқамерзімді курс бастау алды.

Қысқамерзімді курстар балалар үйінің түлектері\тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды/жасөспірімдерді әлеуметтендіру бойынша «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында өткізілуде.

“Маркетинг” саласы бойынша курс балалар үйінің тәрбиеленушілеріне пайдалы білім алу және мансаптық мүмкіндіктер беру жолындағы маңызды қадам болып табылады. «Әлеуметтік шеберхана» жобасының қысқамерзіді курстарды өткізудегі мақсаты – білім беру және дамыту. Курс барысында балаларға маркетинг туралы негізгі түсініктерді, соның ішінде жарнама принциптерін, нарықты зерттеуді және стратегиялық жоспарлау бойынша білім алады.

«Жобаның басты мақсаты — балаларға маркетинг саласында қандай мамандықтар бар екенін және осы салада жұмыс істеу үшін қандай дағдылар мен білім қажет екенін түсінуге көмектеу. Сондай-ақ балалардың өз қабілеттеріне деген сенімін арттырады және мансаптық өсу мен жеке даму мүмкіндіктерін көруге септігін тигізу»-, деді ұйымдастырушылардың бірі Шәмші Айдынұлы.

​Айта кетейік «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында қысқамерзімді курстар жыл сонына дейін әліде жалғасын табатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.