Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Fitch Kaspi.kz пен Kaspi Bank-тің жоғары халықаралық рейтингтерін растады

0 21

Fitch Kaspi.kz пен Kaspi Bank-тің жоғары халықаралық рейтингтерін растады

Халықаралық Fitch рейтингтік агенттігі Kaspi.kz пен Kaspi Bank рейтингтерін тұрақты болжаммен BBB− деңгейінде қайта растады.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:

«Kaspi-дің халықаралық рейтингтік агенттіктен қайтадан осындай жоғары баға алғанын мақтан тұтамыз. Біз үшін ең маңызды баға – сүйікті клиенттеріміз бен серіктестеріміздің сенімі. Күн сайын Kaspi-ді таңдағандарыңыз үшін рақмет!»

Fitch Kaspi-дің бірегей бизнес-моделін атап өтіп, клиенттер мен кәсіпкерлер үшін электрондық коммерцияны, төлемдер мен қаржы сервистерін біріктіретін мобильді қосымшамызды ерекше атап көрсетеді.

Fitch сондай-ақ капиталдың жоғары деңгейі мен тәуекелдерді тиімді басқаруды атап өтеді.

Бүгінде Kaspi-дің сервистерін Қазақстан мен Түркияда 26 миллионнан астам клиент және 1 миллионға жуық кәсіпкер пайдаланады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.