Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Мұқанқызы 106 жасында өмірден өтті

0

Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Мұқанқызы 106 жасында дүниеден озды.

Ол 1958 жылы Алматы телестудиясы ашылған кезде дикторлар байқауына қатысып, 750 үміткердің арасынан іріктелген, деп хабарлайды, Jambylinfo.kz

Сол жылдың 8 наурызында қазақ тіліндегі тұңғыш телеэфирді «Кеш жарық!» деген сөзбен ашқан.

Баянауылда дүниеге келген Зұлқия Мұқанқызы 1958–1970 жылдары Қазақ телевизиясында жаңалықтар мен түрлі бағдарламаларды жүргізді.

Биыл маусым айында отандық журналистика мен телевизия саласына сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.