Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Дастан Исламбек: «Білім мен тәрбие – ел ертеңі!»

0

«Әділет» партиясынан Тараз қалалық мәслихатының №15 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Дастан Исламбек Дастанұлы сайлауалды бағдарламасында тұрғындармен ашық байланыс орнату, өзекті мәселелерді бірлесе шешу және қалалық ортаны дамыту бағыттарына басымдық беріп отыр.

Кандидаттың негізгі ұстанымы – билік пен халық арасындағы ашық әрі тұрақты байланысты нығайту. Осы мақсатта тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдап, өзекті мәселелерді тиісті мекемелер алдында көтеру көзделген.

Сайлауалды бағдарламасында бірнеше маңызды бағыт қамтылған. Атап айтқанда, жол сапасын жақсарту, көшелерді жарықтандыру, тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүргізу, қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін тұрғындармен бірлесе шешу көзделеді.

Сонымен қатар қоғамдық кеңістіктерді көбейтуге үлес қосу, тұрғындардың жергілікті мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндігін кеңейту де бағдарламаның маңызды бөлігі. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында сайлау округі үшін кемінде екі бастаманың жеңіске жетуіне ықпал ету жоспарланған.

Дастан Исламбек Дастанұлы әрбір атқарылған жұмыс бойынша тұрғындарға ашық есеп беруді де негізгі міндеттерінің бірі ретінде белгілеген.

Кандидаттың айтуынша, кез келген мәселенің тиімді шешімі халықпен кеңесіп, ортақ пікірге келуден басталады. Өйткені тұрғындардың ұсынысы мен қоғамдық пікір жергілікті аумақтың дамуына тікелей әсер етеді.

«Білім мен тәрбие – ел ертеңі!» деген ұстанымды алға тартқан кандидат ел дамуының негізі ашық диалог, жауапкершілік және бірлескен жұмыста деп санайды.

«Кеңесіп пішкен тон келте болмайды».

Leave A Reply

Your email address will not be published.