Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбылда есірткі тасымалдаушылар көліктерін өртеп жібермек болған

0 3 445

Олар мұндай әрекетке полицей тоқтатқаннан кейін барған

Патрульдік полиция қызметкерлері кинолог мамандарымен бірлесіп, «Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 340-шақырымында «Лексус ЕС 350» автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Құзырлы органның дерегінше, жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында жолаушысы көлікке жанармай төгіп өртеп жібермек болған. Алайда, полиция қызметкерлерімен өрт дер кезінде сөндірілді.

Аталған көлікті «Лэтти» атты қызметтік-іздестіру итімен тексеру кезінде артқы жүк салғышынан 4 полиэтилендік қапшыққа оралған өткір иісті, есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 105 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды.

  • Есірткі затын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін Түркістан облысының және Астана қаласының тұрғындары ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды,- деді ПД баспасөз қызметі.
ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.