Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбыл облысында газ өндіретін кен орны іске қосылады

0 622
Былтыр елімізде 59 млрд м³ газ өндірілген

Биыл Қазақстанда 62,8 млрд м³ дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

ҚР Энергетика министрлігінің дерегінше, келе жатқан газ сұранысын қанағаттандыру үшін Қашаған мен Жаңаөзен қалаларында жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы  жүргізіліп жатыр. Жамбыл облысында жаңа «Барханная» кен орны пайдалануға беріледі.

— Елді газдандыру бағдарламасын іске асыру жалғасып жатыр. 2024 жылы Қазақстан халқының 61,8%-ы газға қол жеткізді. 2025 жылы газ тарату желісін одан әрі кеңейту жоспарланып отыр. Бірқатар ірі газ құбырларының құрылысы аяқталып жатыр. 2024 жылы Ақтөбе, Алматы және Маңғыстау облыстарында газ құбырларының жаңа учаскелері пайдалануға берілді,- делінген хабарламада.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.