Тараздық полицейлер жол ережесін 91 рет бұзған жүргізушіні ұстады
Тараз қаласында тәртіп сақшылары бірнеше ай бойы жол қозғалысы ережелерін 91 рет бұзған Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты.
Тексеру кезінде ер адамның жылдамдықты бірнеше мәрте асырғаны және жол қозғалысының басқа да талаптарын сақтамағаны анықталды.
Жүргізуші «Қорғау» интеллектуалды жүйесі арқылы анықталды. Бұл жүйе жол қозғалысын автоматты түрде бақылап, ереже бұзушылықтарды анықтаудың тиімділігін арттырады.
Цифрландыру мен заманауи технологиялардың енгізілуі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды құралға айналып келеді. Қазіргі таңда көлік арнайы айыптұраққа қойылды.