Тараздық оқушылар Мұхтар Мағауинді еске алды
Таразда Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына арналған «Мұхтар – қазақ әдебиетінің тарланы» атты портреттік кеш ұйымдастырылды. Кештің мақсаты – Мұхтар Мағауиннің шығармашылығын оқырмандарға таныстыру және жас ұрпақтың әдебиетке қызығушылығын арттыру болды.
Оған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Көсемәлі Сәттібайұлы мен Шерхан Мұртаза атындағы Тараз халықаралық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Меңдібай Абилов қатысып, шараға ерекше қолдау көрсетті.
Кешке арнайы шақырылған 12 мектеп – гимназиясының оқушылары «Бір атаның балалары» атты повесіне қойған көрінісі көпшіліктің көңілінен шықты. Осы орайда Көсемәлі Сәттібайұлы жазушының шығармаларына шолу жасап, өзінің сүйікті повесі «Бір атаның балалары» екенін айтты.
«Бір атаның балалары» тәрбиелік маңызы зор шығарма. Шығармада бар баласын соғысқа аттандырып, қара қағаз алып, «шаңырағым шайқалып, отым өшеді» деп отырған Ахмет шал неміс баласы Зигфридті бауырына басып алады. Оған қазақшалап Зекен Ахметұлы деген есім берді. Зекенді өгейсітпей, бар мейірімін төгіп, оның жақсы адам болып шығуына жағдайын жасайды. Нәтижесінде Зекен әділетсіздіктер мен қиындықтарды жеңіп шығады. Бұл шығарма ұлтқа, нәсілге бөлінудің дұрыс еместігін, адамзатқа ауызбіршілік, бауырмалдық, достықтың қажет екенін насихаттайды. Сондықтан дәл осы шығарма менің санамда мәңгі сақталды – дейді Көсемәлі Сәттібайұлы.
Іс-шара барысында оқушылар жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, Мағауин шығармаларынан үзінділер оқып повестерінен көрініс қойды
Ал кеш соңында ұйымдастырушылар мен көрініске қатысқан балаларға арнайы грамоталар мен сыйлықтар табысталды.