Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Таразда қос бірдей колледжге жарылғыш зат қойылды деген хабарлама жалған болып шықты

0 117
2025 жылдың 11 ақпанында «102» пультіне Тараз қаласындағы екі колледжге жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарлама түсті.

Жамбыл облысы Полиция департаменті, ҰҚК және ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ жедел әрекет ету арнайы жасағы, жедел-тергеу тобы мен кинологтар аталған оқу орындарының ғимараттарын дереу тексерді.

Тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 273-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.